Шаруалар жерді өңдегені үшін қаржы ала алады
Жерді өңдеген шаруаларға қаржы беріледі. Яғни түрлі тыңайтқыш қосып, жердің тозуын сақтау арқылы халықаралық ұйымнан қаржы табуға болады. Бүгін Астанада климат пен бизнес тақырыбында маңызды семинар өтті. Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы ұйымдастырған жиында қазақстандық компанияларға қаржы тарту жолдары түсіндірілді. Мамандардың айтуынша, Қазақстанда энергетика, ауыл және орман шаруашылығы салаларында экологиялық жобаларды дамытуға үлкен мүмкіндік бар. Бұл бір жағынан табиғатты қорғауға көмектессе, екінші жағынан елге инвестиция тартуға жол ашады.
Жаңыл Бозаева, БҰҰ азық-түлік және а/ш ұйымындағы бағдарлама үйлестірушісі:
Қазақстандағы жер тозуын қалыпқа келтіре аласыздар. Және де келтірген үшін бұған халықаралық көміртегі нарықтарынан ақша да ала аласыздар. Әрине, ол ақшаны қалай алуға болады. Сертификациясы бар, бәрін қалай істеу керек? Шаруашылыққа бүгін көрсетеміз. Бұл жерде бірнеше министрлік бірігіп жұмыс істеу керек.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыӨскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 10:11
Алматыда өнертанушы Мұхамеджан Әлімбаевтың 75 жылдығына арналған көрме ашылды
22.10.2026, 10:09
Брюссельдегі әйгілі мүсінге қазақтың шапаны кигізілді
22.10.2026, 10:08
Павлодар облысында тауарларға жеңілдік апталығы жарияланды
22.10.2026, 10:06
Кремль Украина мәселесі бойынша үшжақты келіссөзге дайын
22.10.2026, 10:04
Адамның араласуынсыз тапсырма орындайтын ЖИ жүйелері талқыланады
22.10.2026, 10:01
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30