Шалқар ауданында екі спорт кешені ашылды
Енді ауыл балалары да жүзу спортымен айналыса алады. Ақтөбе облысының Шалқар ауданында бір күнде екі бірдей спорт кешені ашылды. Оның бірі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жанынан бой көтерді. Мұнда пауэрлифтинг, ауыр атлетика, кроссфит бойынша жаттығулар, сондай-ақ шахмат пен тоғызқұмалақ үйірмелері өткізіледі. Ал, екінші нысанда бокс, дзюдо және грек-рим күресі бойынша болашақ чемпиондар тәрбиеленеді.
Бұл нысан ғасырдан астам тарихы бар ескі спорт кешенінің орнына салынды.
Алайда, алдыңғысынан он екі есе үлкен. Мұнда олимпиадалық спорт түрлері бойынша
жас спортшыларды дайындауға барлық жағдай жасалған. Бір мезетте жүзден астам
бала жаттыға алады. Көрермендерге арналған 300 орындық трибуна бар.
Әли Медет, оқушы:
Спортпен 5 жылдан бері айналысамын. Жақсы нәтиже шығарып жүрмін. Қызығушылығымыз оянып, мен Қайсар деген досыммен бірге келдім.
Ал бұл 25 метрлік бассейні бар дене шынықтыру-сауықтыру кешені. Балалар мен
ересектер аудан тарихында алғаш рет жүзу спортымен айналысуға мүмкіндік алды.
Жаңа нысанда әкімшілік блок, киім ауыстыратын бөлмелер мен медициналық кабинет
бар. Оқушылар су спортынан бөлек ауыр атлетика, пауерлифтинг секілді спорт
түрлеріменмен де шұғылдана алады.
Аслан Нұрмағамбетов, балалар мен
жасөспірімдер спорт мектебінің директоры:
Ашылғаннан кейін жайлап балаларды қабылдаймыз. Кешке қарай ересектер де болады. Қазіргі таңда осыған арнайы жаттықтырушыны оқытып жатырмыз, ол келгеннен кейін жұмысымызды жалғастырамыз.
Кешеннің құрылысы 2023-інші жылы басталған еді. Қазір мұнда 340-қа жуық бала
келіп жүр. Жаңа нысандарда облыстық және республикалық деңгейдегі жарыстарды
өткізуге болады.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16