Тоқаев Қырғызстан Президентімен келіссөз жүргізді
Бүгін Қазақстанға Қырғызстан президенті Садыр Жапаров мемлекеттік сапармен келді. Ақордада сапардың мәртебесіне сай барлық рәсім салтанатты жағдайда өтті. Мемлекеттік Әнұрандар орындалғаннан кейін екі ел басшылары алдымен шағын құрамда келіссөздер жүргізді. Онда екіжақты стратегиялық серіктестіктің ауқымды мәселелері талқыланды. Нақтырақ айтсақ, саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық, су-энергетикалық, коронавирус індетіне қарсы бірлескен шаралар, мәдени-гуманитарлық бағыттар мен Еуразиялық интеграция және көпжақты құрылымдар аясындағы байланыстар қаралды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:Шын мәнінде халықтарымыз бір туған. Қазақстан мен Қырғызстан арасында дәстүрлі достық бар. Тек қана одақтас мемлекет емес, қырғызстан бауырлас мемлекет. Бәріміз жоғары бағалаймыз. Біздің алдымызда тұрған міндетіміз - осы дәстүрлі жалғастыру, нығайту. Сондықтан бүгінгі кездесулер маңызды болады деп ойлаймын.
Садыр Жапаров, Қырғызстан Президенті:Шақырғандарыңыз үшін терең разышылығымды білдіремін. Біз қазақ пенен қырғыз бір туған елміз. Алтын жазушысы Жұбан Молдағалиев 4 шумақпен айтып кеткен: «...Мен қазақпын, қырғыз - ол туысқаным, Бірге тартқан тарланын құйысқанын. Анамыз да қаракөз бір қыз бәлкім, Бөліп берген егізге туыс нанын». Ешқашан шешілмей тұрған мәселелер болмауы керек. Бүгін екі тараптың көтеретін мәселелері шешіліп, бір-бірімізге қолдау танытамыз деп ойлаймын.
Асима Нұрбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы: Еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін бар күшімді саламын
29.09.2026, 23:27
Елімде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын – Мемлекет басшысы
29.09.2026, 23:13
Тау туризмі: «Oi-Qaragai» курорты кеңейіп жатыр
29.09.2026, 20:58
Almaty SuperSki жобасы табиғатқа зиян келтірмейді
29.09.2026, 20:56
Непалда тасқын кезінде жоғалып кеткендер әлі табылған жоқ
29.09.2026, 20:54
KazHackStan 2026: Астанада киберқауіпсіздік мәселелері талқылануда
29.09.2026, 20:53
1 қазаннан бастап онлайн несие рәсімдеу тәртібі өзгереді
29.09.2026, 20:06
БҚО-да шаруалар мемлекет қолдауымен кәсібін дөңгелетіп отыр
29.09.2026, 20:05