Ұлттық кеңестің бесінші отырысында не айтылды - сараптама
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-ші отырысындағы Президенттің баяндамасының ішінде елімізде жаһандық индикатор негізінде жасалатын адам құқықтарын сақтау бойынша бағалаудың Ұлттық индикаторларын кезең-кезеңімен енгізу жұмысы басталатынына, ерекше қажеттілігі бар балалар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға айырықша назар аудару қажеттігіне тоқталғанын бірінші кезекте айтқан дұрыс шығар. Себебі реформалардың жүзеге асуына байланысты скептик көзқарасқа қарамай, ең бастысы - адам, ең басты құндылық – адам өмірі. Біз елеңдеген екінші деталь - 2024 жылы аудан әкімдерін тікелей сайлау өтеді. Логика бұл жерде де қарапайым – сайлаған адамнан сұрай аласың.
Осыдан бес жыл бұрын ауыл шаруашылығы жерін шетелдіктерге сату және ұзақ мерзімге жалға беруді қарастыратын заң жобасы дайындалып, халық қатты ашуланып, наразылық білдіргені мәлім. Сөйтіп билік бес жылға мораторий жариялаған. Жалпы, территориямыздың 40 пайызға жуығы - 100 млн гектардан астам жер – ауыл шаруашылығына қарасты жер. Оны сату керек дегендегі аргумент – инвестиция тарту. Алайда наразы жұрттың аргументі -коррупция дертіне байланысты жер сату өте қауіпті. Саяси және экономикалық реформалар пакетін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде жариялау дәстүрі пайда болды. Месседж түсінікті – қоғамды естиміз, қоғамның белсенді мүшелерімен талқылай отырып, өзгеріс енгіземіз. Данияр Қайыртай тарқатады.
Автор
Данияр Қайыртай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Интернет алаяқтық азаймай тұр
24.04.2026, 20:59
ЕуроОдақ ядролық энергетиканы қарқынды дамытпақ
24.04.2026, 20:30
Иран дағдарысына қатысты бейресми саммит өтіп жатыр
24.04.2026, 20:28
Инвестициялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды
24.04.2026, 20:27
Шекарадағы құжат тексерісі азаяды
24.04.2026, 20:27
Мегаполисте 85 мыңнан астам автокөлік иесі салық төлемеген
24.04.2026, 20:18
Шілдеден бастап банктер бір QR-кодқа қосылады
24.04.2026, 20:17
RES 2026 EXPO: Жасыл энергия көрмесінде құны $2,3 млрд болатын келісімшарттар жасалды
24.04.2026, 20:14