Қазақ күйлерінің антологиясы үш тілде жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ күйлерінің антологиясы үш тілде жарық көрді

26.02.2021

Елордада «Аманат» Қазақ күйлерінің антологиясы» атты жинақтың тұсауы кесілді. Кітап қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрген. Белгілі күйшілердің музыкалық сүйемелдеуімен өткен шараға жинақты құрастырушылар мен авторлар қатысты. Байырғы күйлердің тарихы туралы жазылған кітаптың заманауи цифрлық нұсқасы да бар. Жинақты «Сауап» қоғамдық қоры өз қаражатына шығарған. Сондай-ақ, аталған қор басшылары ғасырлық музыка мәдениетіміздің інжу-маржандарын насихаттауда әлі де тың жұмыстар атқаруды жоспарлап отыр. 

Хабарламаларға жазылу