«Қазақ афоризмдері» антологиясы жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақ афоризмдері» антологиясы жарық көрді

26.04.2018

78 ой иесінің толғам-пайымдары топтастырылған «Қазақ афоризмдері» антологиясы жарық көрді. Авторы - тұңғыш рәмізтанушы, жазушы-публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ербол Шаймерденұлы. Қаламгер артына рухани мол мұра қалдырды. «Себебі, оқырманның философиялық таным көкжиегін кеңейтетін энциклопедия», - дейді әріптестері. Кітапта біздің дәуірімізге дейінгі 5-ші ғасырдан бастап 21-ші ғасыр аралығында өмір сүрген даналардың қанатты сөздері бар. Ал, «Ақылнама» деген екінші бөлімде мақал-мәтелдер, шешендік сөздер, жырлардағы және ән мәтіндеріндегі жауһарлар жиыстырылған. Жинақ мемлекет тапсырысымен 5000 тиражбен басылып, өңірлердегі кітапханаларға таратылды. 

Қуаныш Жиенбай, жазушы:

- Афоризм кәдімгі құмнан алтын тергенмен бірдей. Біздің фольклор,аңыз әңгімелер, ертегілер ішінде жылт еткен, халықтың зердесінде жүруге тиіс-ау деген афоризмдердің бәрін Ербол жинақтады.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу