Қазақстандағы авиакомпаниялардың табысы бір жылда 41 пайызға азайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандағы авиакомпаниялардың табысы бір жылда 41 пайызға азайды

24.02.2021
Қазақстандағы авиакомпаниялардың табысы бір жылда 41 пайызға азайды

Қазақстандағы әуе компанияларының табысы бір жылда 41 пайызға азайды. Бұл туралы Finprom.kz сарапшылары мәлімдеді.

2021 жылдың қаңтарында елдегі авиакомпаниялардың табысы 19,6 миллиард теңге болды. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 40,8 пайызға аз. Оның 17,9 миллиард теңгесі жолаушылар тасымалынан, 1,7 миллиард теңгесі жүк тасымалынан түскен.

Жалпы, қаңтарда елімізде 592,1 мың адам тасымалданды. Жолаушылар айналымы жылына 38,7 пайызға қысқарып, 845,7 млн жкм құрады.

Сондай-ақ жыл басында ел әуе компаниялары 2,5 мың тонна жүк пен багаж тасымалдаған, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 34,1 пайызға көп. Жүк айналымы 5,4 млн ткм құрады (бір жыл бұрынғыға қарағанда 25,6%-ға көп).

Биылғы қаңтарда әуе көлігімен жолаушылар тасымалдау қызметінің бағасы бір айда 1,1 пайызға, бір жылда 5,9 пайызға төмендеді.


табыс әуе компаниялары

Хабарламаларға жазылу