Алматыда карантин жеңілдеді: Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты
Алматыда бүгіннен бастап карантин тәртібі жеңілдеді. Қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес бірқатар нысанның қалыпты жағдайда қызмет көрсетуіне рұқсат етілген. Кейбір мекемелердің жұмыс уақыты ұзарды.
Қуан Нұрақын, тілшіжаңа қаулыға сәйкес карантин талаптары біршама жеңілдеді. Атап айтсақ, жұмыс және демалыс күндері ашық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың штаттық режимде жұмыс істеуіне рұқсат етілді. Ал жабық сауда орындарында адам сыйымдылғы 30% -дан аспауы тиіс. Және әлеуметтік арақашықтықты, маска режимін, сондай-ақ, санитарлық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтаған жағдайда ғана халыққа қызмет көрсете алады. ауда ойын-сауық орталығында орналасқан нысандарды қоса алғанда, қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс көрсету уақыты таңғы жетіден түнгі 11-ге дейін жалғасады. Тек төлем түнгі сағат 22.00-ге дейін қабылданады. Бұл сауда нүктелерінде де санитарлық-дезинфекциялық режим қатаң сақталуы тиіс. Сыйымдылығы 50 адамға дейінгі мәдени нысандар мен концерт залдарының жұмысына шектеу жоқ. Ал залдың 30% -на ғана көрермен кіргізілсе театрлар мен кинотеатрлардың қызмет көрсетуіне мүмкіндік беріліп отыр.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент: Ақтоғай мыс балқыту зауыты іске қосылғаннан кейін Қазақстан мыс өндіретін жетекші елдердің ондығына кіре алады
20.10.2026, 18:18
Павлодарлық «Жасыл ел» жасақтары тың тәсілдерге қанықты
20.10.2026, 17:25
Амазон өзеніне мыңдаған тасбақа жіберілді
20.10.2026, 17:23
Пара үстел теннисіндегі тарихи нәтиже
20.10.2026, 17:20
Маңғыстаудағы «Қызылсай» табиғи паркін дронмен бақылайтын болды
20.10.2026, 17:19
7 жылда 1 млн-дай отбасы баспаналы болды
20.10.2026, 17:17
Республика күні: Тарихи сабақтастық пен стратегиялық бағдар
20.10.2026, 17:15
Атырау өңіріндегі алпауыт балық зауытын жаңартып жатыр
20.10.2026, 17:14