Әлі күнге мемлекеттік қызметшінің ана тілін білуі туралы нақты талап жоқ - Қазыбек Иса - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлі күнге мемлекеттік қызметшінің ана тілін білуі туралы нақты талап жоқ - Қазыбек Иса

03.02.2021
Әлі күнге мемлекеттік қызметшінің  ана тілін білуі туралы нақты талап жоқ - Қазыбек Иса

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Қазыбек Иса Үкіметке сауал жолдап, онда мемлекеттік тілдің барлық салада қолданылуына қатысты ұсыныстарын жариялады.

«Елбасымыз да, Мемлекет басшысы да тапсырған мемлекеттік тілдің өз атына сай болу талабын кейінге қалдыруға болмайды. Өйткені қазіргі кезде 1989 жылғы қазақтың саны 39 пайыз кезінде қабылданған Тілдер туралы заңнан бері демографиялық өсіміміз екі есеге өсті, қоғам да мемлекеттік тілдің барлық салада қолданылуын талап етуде, уақыты да келді», - дейді депутат.

Осы орайда ол қоғам мемлекеттік тілдің барлық салада қолданылуын талап етіп отырғанын атап өтті.

«Әлі күнге мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік тілді білуі туралы нақты талап жоқ. Мемлекеттік тілді білу талабы азаматты тілдік кемсіту емес, мемлекеттік қызметшіге (бар болғаны 100 мыңға жуық адамға) қойылатын кәсіби біліктілік талабы болуы тиіс. Сыртқы істер саласының мамандарынан шет тілін білуді қалай талап етсе, немесе көлік жүргізушіден жүргізуші куәлігін қалай талап етсе, сонымен бірдей міндет бұл. 14 миллиондай (78 пайыз) мемлекет негізін құраушы қазақ ұлты 100 мыңдай ғана (0,5%-жарты пайыз) мемлекеттік қызметшіден қызметті не ақпаратты мемлекеттік тілде ала алмауы нағыз парадокс!? Мемлекеттік тілдің мәртебесін жеке дара анықтайтын уақыт жетті. Себебі, қазір Тәуелсіздігімізге 30 жыл толып жатқанда, мемлекеттік тіл туралы статусын толық атқара алмаған заңымыз демографиялық және демократиялық заңдылықтармен өз күшін жойып отыр», - деді Қазыбек Иса.

Биыл ел Президенті Қ.Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында: «Мемлекеттік тілді білу – Қазақстанның әрбір азаматының міндеті»-деп нақты атап көрсеткендігін айтып,  Қазыбек Иса жоғарыда айтылғандардың негізінде тиісті ұсыныстарды жасады:

1) Мемлекеттік қызметшілердің, құқық қорғау органдары қызметкерлері мен соттардың және көпшілікке қызмет ету мекемелерінде міндетті түрде мемлекеттік тілді білуі туралы стандарт енгізу;
2) Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтаудың жүйесі мен тәртібін белгілеу, қажетті механизмдерін жасау;
3) Заң актiлерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерді, мемлекеттік органдардың құжаттары мен хаттарын, ақпараттары мен есептерін, іс қағаздарын ресімдеудің негізгі нұсқасы – тек мемлекеттік тілде жүзеге асуы тиіс.
4) Кез келген тілдін дамуының кепілдігі – оның экономикалық және қаржылық салада қажеттілігі. Сол себептен мемлекеттік тілді ең алдымен экономикада да қолдануды күшейтуіміз қажет. Мысалы, Норвегияда «Мұнай туралы» Заңның 6 және 37-баптарында: «Мұнайға қатысты қызметте мүмкіндігінше норвег тілі басым болуға тиіс.


Хабарламаларға жазылу