Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілердегі жазбалары тексеріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілердегі жазбалары тексеріледі

26.04.2017

Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілердегі жазбалары, іс-әрекеттері тексеріледі. Бұл туралы бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіндегі брифинг барысында айтылды. Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің басшысы Қуаныш Жапақовтың сөзінше, шенеуніктер әдептен тыс фото, видеоларды жүктесе, оны өшіруге талап етіледі. Сондай-ақ, деструктивті діни ағым ақпараттары бар жазбаларға «лайк» басу мемлекеттік қызметшінің тәртіптік жазаға тартылуына әкеп соқтыруы мүмкін. Мәселен, Наурыз айында мемлекеттік органдарға мониторинг жасалып, әдептің шеңберінен шыққан қызметкерлер анықталып, жауапкершілікке тартылған. Жалпы, мұндай шектеулердің барлығы мемлекеттік қызметшінің мәртебесін арттырып, қоғам алдындағы беделін салмақтай түсуге негізделген. 

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу