Депутат тест тапсыруды жеңілдетуді талап етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутат тест тапсыруды жеңілдетуді талап етті

28.04.2021

«Шекаралар жабылған пандемия кезінде тест тапсыру үшін Қазақстанға келу мүмкін емес». Білім және ғылым министрлігіне депутаттық сауал жолдаған Қазбек Иса осылай деді. Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ офлайн форматта өтеді деп шешті. Яғни, үміткер тестті Қазақстанға келіп тапсыруы тиіс. Көп елдерде шекараның маусым айына дейін ашылмайтынын ескерген депутат, «біз атамекенде білім алам деген қандастарымызды оқуға қабылдай алмай қалуымыз мүмкін»,- деді. Былтыр мыңға жуық қандасымыз дайындық курстарына түсіп онлайн оқыды. Оқуға мемлекет қаржы бөлді. Ал енді сол балалар ҰБТ тапсырып, жоғары оқу орнына келіп түсу керек. Бірақ 90 пайызы Моңғолия, Өзбекстан, Қытай секілді шет мемлекеттерде.

Қазыбек Иса, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 
Біз оқуға келетіндерді айтпағанда оқуын жалғастырайын деген 930 өз бауырларымызды қолдан жасалған кедергілермен кеудесінен кері итеріп отырмыз. Шекараның жабық екенін біле тұра, оқуға қабылдауды қолдан қиындатып Қазақстанға келіп тест тапсырамыз деген талапты қалай түсінеміз?

Ғабит Бөкенбай

Хабарламаларға жазылу