Қазақстанда мәслихат депутаттарының мәртебесі көтеріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда мәслихат депутаттарының мәртебесі көтеріледі

03.02.2021
Қазақстанда мәслихат депутаттарының мәртебесі көтеріледі

Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудандық, қалалық және ауылдық билік деңгейлерінің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлданды.

Заң жобасы Мемлекет басшысының «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленді. Заң жобасына аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің кіріс базасын кеңейту, бюджеттік рәсімдерді оңайлату, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың дербестігін кеңейту және жауапкершілігін күшейту сынды нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу ұсынылды. 

Сондай-ақ мәслихат пен оның депутаттарының мәртебесін арттыру бойынша бірқатар түзетулер қарастырылған. Тап айтқанда, мәслихат сессиясы төрағасының қызметін таратып, оның өкілеттігін мәслихат хатшысына беру ұсынылады. 

«Бұл заң жобасы өңірлердің дербестігі мен жауапкершілік деңгейін арттыруға және жергілікті маңызы бар мәселелерді неғұрлым жедел шешу үшін бюджеттік рәсімдерді айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді», - деді заңды таныстырған Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев.


Хабарламаларға жазылу