Ұлттық бірегейлікті сақтаудың мәні зор
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабында ұлттық бірегейлік мәселесіне айрықша мән берілген.
Жинақтағы 21 тақырыптық бөлімнің бірі ұлттық құндылықтарды сақтауға арналған. Мемлекет басшысы мемлекеттілікті нығайту жолында тарихи танымды жаңғырту және рухани сабақтастықты сақтау қажеттігін атап өтеді. Осы орайда жас ұрпақты «Адал азамат» тұжырымдамасы негізінде тәрбиелеудің мәні зор. Оларға ұлттық бірегейліктің іргетасы ретінде ана тілін біліп, төл әдебиеті мен мәдениетін дәріптеп, салт-дәстүрді сақтауды үйрету қажет. Бірақ ұлттық бірегейлік тек өткеннің мұрасы емес, білім, тәртіп, тәрбиемен ұштасып жаңа заман талаптарына сай дамуы керек дейді қоғам белсенділері.
Тамара Нәбиқызы, қалалық аналар кеңесінің төрайымы:
Президентіміздің «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» деген кітабын оқып талқыладық. Президентіміз айтады «Егер біз рухани кемелденбесек, біздің алға басуымыз екіталай» деп. Міне, осы сөздер рухани тәрбиенің маңызын жеткізіп тұр. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жаңғырту, оны сақтап қалу туралы өз жолдауында да айтты, міне, мектепте ата-аналарға осы бағытты айтып жүрмін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы