Басты Жаңалықтар Елордалықтардың етке деген сұранысы жоғары

Елордалықтардың етке деген сұранысы жоғары

Астанада демалыс күндері жәрмеңкеге ағылған жұрттың қарасы қалың. Бұл жолы елорда тұрғындары Ұлытау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарынан жеткізілген ауыл шаруашылығы өнімдерін тиімді бағамен сатып алды. Әсіресе ет өнімдеріне елордалықтардың сұранысы өте жоғары. Самал Қабышева халықтың көңіл-күйін қаз-қалпында жеткізеді.

- Сауда жақсы. 120 литр қымыз алып келдік. 50 келі май әкелдік.

- Сиыр етінен колбаса, жылқы етінен батырдың білегі. Жезді деген жерден алып келдік. Ұлытау облысы.

Ұлытау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары осындай базарлықтарын астаналықтарға ұсынды. Сөрелерде табиғи өнімнің түр-түрі бар. Ал сатып алушылар үшін бастысы – сапасы мен қалтаға сай бағасы.

- Баға күшті болып тұр. Жақсы бәрі. Мына Павлодар жақсы екен.

- Біз уже 5 жыл болды келіп жүргенімізге. Бәрі күшті, бәрі тәтті. 

- Былтыр осы Солтүстік Қазақстанның ярмаркасына келіп, мына гузель деген ұн алғанмын. Өте керемет ұн. Міне, биыл тағы келіп төрт қапшығын алдым.

- Баклажаннан салат жасайық деп жатырмыз. Манты, пельмени заготовка бір аптаға.

Ал астаналықтардың етке деген сұранысы тіптен жоғары. Бірден 300 мыңға ет алып жатқандар бар.

- Мемлекетіміз осындай жәрмеңке құрып, халыққа деген көмегі тиіп жатыр ғой.

- Ет алдық. Жақсы бағасы  Еттің келісі 3700. 30 келідей алдық.

Алмат Сауқымов, Ұлытау облыстық а/ш дәне жер қатынастары басқармасының басшысы:

Ет өнімдерінің бағасы тіркелген. Қой еті 3600-3800 шамасында. Сиыр еті 3500-3700, жылқы еті 3500. Сол бағасы трақты ұстап, сол бағамен сатып жатырмыз. Өнімдеріміз жақсы өтіп жатыр.

Қазанат ипподромындағы жәрмеңке жай ғана сауда орны емес. Бұл ауылдағы еңбек пен қаладағы сұранысты тоғыстыратын алаң. Өңірлерден жеткізілген өнім елорда тұрғындарына қолжетімді бағамен ұсынылып, дастарқанның берекесін арттыруға үлес қосып, сатушы да сатып алушыда риза.

Бөлісу