Басты Жаңалықтар Канадада әскери база өртеніп, сарбаздар қаза тапты

Канадада әскери база өртеніп, сарбаздар қаза тапты

Канаданың Альберта провинциясында өрт әскери базаға тарап, 4 сарбаз қаза тапты. 39 әскери қызметкер жараланып, ауруханаға түскен. 19 адамның хәлі мүшкіл. Базадан 1 шақырым жерде шөп өртеніп, жалын екпінді желмен қас-қағым сәтте полиогонның аумағына жеткен. Өрт басталғанда әскери жаттығу өтіп жатқан. Зардап шеккендердің көбіне бірнеше ай арнайы интенсивті медициналық көмек қажет болуы мүмкін. Канада премьері Марк Карни болған оқиғаны «бейбіт заманда ел аумағында болған ең ауыр трагедиялардың бірі» деп мәлімдеді. Қайғылы оқиғаға қатысты тергеу басталды. Әзірге өрттің неден тұтанғаны белгісіз.   

Бөлісу