Басты Жаңалықтар Кенияда да эбола жұқтырғандар көбейіп келеді

Кенияда да эбола жұқтырғандар көбейіп келеді

Кенияда эбола вирусын жұқтырудың жаңа 5 дерегі тіркелді. Осылайша қауіпті індетке шалдыққандар саны 8-ге жеткен. Олардың үшеуі – эболамен ауырған науқастарға күтім көрсеткен медицина қызметкері. Вирус анықталғандар оқшауланды. Кенияға эбола Конго демократиялық республикасынан жеткен. Соңғысында эбола жұқтырғандар саны 9 мыңнан асып, 4 мыңнан астам адам қайтыс болды. Әзірге вирусқа қарсы екпе ойлап табылған жоқ. Жаңа бір препарат жақында сынақтан өткізіледі.

Бөлісу