Túrkistan халықаралық газетінің жинағы таныстырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Túrkistan халықаралық газетінің жинағы таныстырылады

27.01.2021
Túrkistan халықаралық газетінің жинағы таныстырылады

28 қаңтарда Ұлттық академиялық кітапханада Túrkistan халықаралық газетінің жинағы таныстырылады. Іс-шараға қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, саясаттанушы-публицист Кенжеболат Жолдыбай, алаштанушы ғалым, Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қайрат Сақ, республикалық Бас редакторлар клубының мүшелері, журналистер, сондай-ақ жас ғалымдар мен зерттеушілер қатысады.

Túrkistan халықаралық газетінің жинағына Тәуелсіздік жылдары басылым бетінде жарияланған таңдаулы материалдар іріктеліп енгізілген.

Негізін Қазақстанның Халық жазушысы Қалтай Мұхамеджанов қалағанхалықаралық басылым 1994 жылғы 28 қаңтардан бастап шыға бастады. Сол уақыттан бері газет бетінде саяси-қоғамдық, тарихи-танымдық, рухани, мәдени тақырыптардағы сараптамалық мақалалар, орамды ойлар мен парасатты пайым-пікірлер үзбей жарияланып келеді.

Хабарламаларға жазылу