Әзілхан Нұршайықовтың туғанына - 95 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әзілхан Нұршайықовтың туғанына - 95 жыл

15.12.2017

Бүгін қазақ әдебиетіне сүбелі үлес қосқан қарымды қаламгер Әзілхан Нұршайықовтың туған күні. Биыл оның туғанына 95 жыл.

Алғаш еңбек жолын 1953 жылы Павлодар облысы «Қызыл ту» газетінің редакторы болып бастаған майдангер жазушы «Қазақстан пионері», «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» сынды белді газеттерде қызмет етті. Әдебеиттің сан саласына қалам тербеген жазушының алғашқы очеркі, әңгімелер жинағы «Алыстағы ауданда» деген атпен 1956 жылы жарық көрді.  

Одан бөлек, «Тың астығы», «Ертіс жағасында»,  «Жомарт өлке», «Жер туралы жыр», «Мен журналиспін» т.б. очерктер жинағы, романдар мен аудармалары оқырманға жол тартты. 

Әзілхан Нұршайықов ІІ дәрежелі «Даңқ» ордені, «Құрмет» белгісі, «Халықтар достығы», «Отан» ордені және бірнеше медальдармен марапатталған.

Хабарламаларға жазылу