Батумиде «Топуз» анимациялық фильмдердің фестивалі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батумиде «Топуз» анимациялық фильмдердің фестивалі өтеді

03.10.2014
Батумиде «Топуз» анимациялық фильмдердің фестивалі өтеді

Грузияның Батуми қаласында 6-11 қазан аралығында анимациялық фильмдердің «Топуз» халықаралық фестивалін өтеді. Онда 38 елдің мультипликаторлары қатысады.

Фестиваль қонақтарының назарына 2013-2014 жылдар аралығында грузиялық және шетелдік аниматорлар жасаған үздік мультипликациялық ленталар таныстырылады. Мақсаты - Грузияда анимациялық жанрдың дамуына көмектесіп, шетелдік әріптестермен жаңа байланыс орнату.

Фестиваль жеңімпаздары «Үздік балалар фильмі», «Ересектерге арналған үздік фильм», «Үздік дебют», «Үздік телехикая», «Үздік эксперименталды фильм», «Балалар түсірген үздік фильм», «Үздік студенттік фильм» аталымдары бойынша анықталады.

Хабарламаларға жазылу