Жеті автордың кітабы жарық көрді (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жеті автордың кітабы жарық көрді (ФОТО)

12.03.2014
Жеті автордың кітабы жарық көрді (ФОТО)
Бүгін Астанадағы  ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында халықаралық «Алтын қыран» қайырымдылық қорының демеушілігімен жарық көрген кітаптардың тұсаукесер рәсімі өтті.
 
Кітап авторларының ішінде жинақтары тұңғыш жарық көрген Әлия Дәулетбаеваның «Сол бір сәуле», Жанар Әбсадықтың «Сезімдер маусымы»,  Қуаныш Медеубаевтың «Қара жәшік» өлеңдер жинағы, сондай-ақ, шығармалары қалың оқырманның сұранысына ие Бейбіт Сарыбайдың «Мейірім» атты әңгімелер жинағы, Азамат Тасқараның «Жусан қыз» өлеңдер жинағы, Думан Анаштың «Әулет» атты зерттеу мақалалар жинағы және қылқалам шебері Ғалым Смағұлдың  карикатура альбомы бар.

Тұсаукесер рәсіміне орай өткізілген баспасөз мәслихатында Мырзатай Жолдасбеков, Әкім Тарази, Нұрлан Оразалин, Төлен Әбдік, Несіпбек Айтұлы, Серік Ақсұңқарұлы, Бигелді Ғабдуллин сияқты айтулы ғалымдар мен белгілі ақын-жазушылар өз ойларымен бөлісті.
 
Шара барысында жеті автордың кітаптары Ұлттық кітапханаға сый ретінде ұсынылды. Сондай-ақ, жылы лебіздер айтылып, өлең оқылды.

Хабарламаларға жазылу