«G-Global» халықаралық жобасы ауқымды жиындарда таныстырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«G-Global» халықаралық жобасы ауқымды жиындарда таныстырылады

06.05.2015
«G-Global» халықаралық жобасы ауқымды жиындарда таныстырылады

«G-GLOBAL» халықаралық жобасының ауқымы кеңейіп келеді.

Биылдың өзінде қазақстандық жобаны екі маңызды шарада таныстыру жоспарланып отыр.

Оның бірі  шілде айында Эфиопияда өтетін халықаралық конференция және қыркүйекте Нью-Йоркте ұйымдастырылатын саммит.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметiндегі баспасөз мәслихатында  «G-GLOBAL» Халықаралық хатшылығының орынбасары, Еуразиялық экономикалық ғалымдар клубының президенті Мұрат Кәрімсақов мәлiмдеді.

Оның айтуынша, ауқымды жиындар аясында Қазақстанның халықаралық жобасының негізгі бағыттары кеңінен таныстырылмақ.

 

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу