Тағы 2 банк арқылы зейнетақы жинағын алуға өтініш беруге болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тағы 2 банк арқылы зейнетақы жинағын алуға өтініш беруге болады

26.01.2021
Тағы 2 банк арқылы зейнетақы жинағын алуға өтініш беруге болады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Altyn Bank» АҚ және «Банк ЦентрКредит» АҚ-мен өзара іс-қимылы туралы келісім жасасты, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі. Бұл ұйымдары тұрғындардан зейнетақы жинақтарын алуға өтініштер қабылдайды.

«Заңнамада тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында БЖЗҚ-дан біржолғы зейнетақы төлемдерін алу үшін салымшылардың уәкілетті оператордың интернет-ресурсында электрондық өтініштерді толтыра отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған уәкілетті операторларға жүгінетіні көзделген.

Өз өтінішінде салымшы біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану мақсатын және мақсатты пайдалануға жіберілетін қолжетімді соманы көрсетеді. Уәкілетті оператор салымшылардың өтініштерін қарап, оларды мақұлдау туралы шешім қабылдайды. Сондай-ақ, біржолғы зейнетақы төлемдерін Қордан уәкілетті операторда ашылған салымшылардың арнайы шоттарына аудару бойынша БЖЗҚ-мен өзара іс-қимылдар жүргізіп, біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы пайдаланылуына мониторинг жасайды», -делінген хабарламада.

БЖЗҚ мен уәкілетті операторлардың ақпараттық жүйелерінің біріктірілуі «электрондық үкімет» веб-порталындағы интеграциялық сервис арқылы жүзеге асырылады.

Хабарламаларға жазылу