Мозамбикте алапат дауылдан 12 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мозамбикте алапат дауылдан 12 адам қаза тапты

25.01.2021

Африканың оңтүстік-шығыс аудандарына «Элоиза» деп аталатын дауыл тұрды. Алапат жел мен нөсер жауыннан Мозамбикті тасқын жайлап, 12 адам қаза тапты. Үйлер мен егін алқаптарын су басып, 8 мыңдай адам қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Тропикалық циклон сенбі күні басталған. Қазір оның күші бәсеңдеп, Оңтүстік Африка мен Ботсванаға қарай жылжып барады. Синоптиктердің хабарлауынша, аталған елдерде де алдағы күндері нөсер жаңбыр жауып, тасқын жайлау қаупі бар.  


Хабарламаларға жазылу