Оман мен Иранда «Шахин» тропикалық циклонының соққысынан 9 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оман мен Иранда «Шахин» тропикалық циклонының соққысынан 9 адам қаза тапты

04.10.2021

Оман мен Иранда «Шахин» тропикалық циклонының соққысынан кемінде 9 адам қаза тапты. Бұл өңірге алапат шторм сағатына 120-150 шақырым жылдамдықпен жеткен. Жауындатып соққан дауылдан кейін Оманның жағалаудағы аудандарын су басып, мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшіріліп, мемлекет астанасы Мускатта әуе рейстері доғарылды. Және же көшелер өзенге айналып, талай көлік суға кетті. Сонымен қатар, электр станциялары мен жолдар зақымданған. Ал, құрбандарының үшеуі – Оманнан, алтауы – ирандықтар.





Хабарламаларға жазылу