Филиппинде тайфуннан 1 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Филиппинде тайфуннан 1 адам қаза тапты

03.12.2019
Филиппинде тайфуннан 1 адам қаза тапты

Филиппин аралдарына соққы берген «Каммури» тайфунынан 1 адам қаза тапты. Жылдамдығы сағатына 150 шақырымнан асқан дүлей дауылдан кей жерлерді тасқын жайлап, көшкін жүру қаупі төніп тұр. Сондықтан таулы аудандардан 90 мыңдай адам қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Алапат жел үйлерді қиратып, ағаштарды тамырымен жұлып әкеткен. Ауа райының қолайсыздығына байланысты, ел астанасы Манилада 500-ге жуық әуе рейсі доғарылды. Зардап шеккен аудандарда мектептер мен кәсіпорындар жабылды. 

Бұл күндері Филиппинде Оңтүстік-шығыс Азия ойындары өтіп жатыр. Алайда, табиғи апатқа байланысты турнирлердің біразы кейінге қалдырылды. Билік оған қатысатын мыңдаған спортшы мен туристерге және жергілікті тұрғындарға қауіпсіздікті сақтап, сақ болуды ескертіп отыр. 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу