Үндістанның солтүстік-шығысында дүлей дауылдан жүздеген адам жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанның солтүстік-шығысында дүлей дауылдан жүздеген адам жараланды

01.04.2024

Үндістанның солтүстік-шығысында алапат дауылдан 5 адам қаза тапты. Табиғи апаттан 367 тұрғын жараланып, ауруханаға түсті. Науқастардың кейбіреуінің халі мүшкіл. Оқиға Батыс Бенгалия штатының Джалпайгури қаласында болған. Құмды дауыл кезінде жел секундына 19 метр жылдамдықпен соққан. Екпінді жел мен нөсер жауыннан Ассам штатындағы халықаралық әуежайдың шатыры ұшты. Бірнеше ұшақ рейсі кейінге қалдырылған.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу