Румыния. Алапат дауылдан 8 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Румыния. Алапат дауылдан 8 адам қаза тапты

18.09.2017

Румынияның батысындағы Тимишоара қаласында алапат дауыл болып, 8 адам қаза тапты. Тағы 70-ке жуық тұрғын жараланып аурухаларға түскен. Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, дауылдың күші сағатына 100 шақырымға жеткен. Оның екпінінен ағаштар құлап, көптеген үйлердің шатырлары ұшып кетті.

Жергілікті мэр Николае Робудың мәлімдеуінше, бұл күтпеген оқиға, өйткені синоптиктер тек жаңбыр болады деп хабарлаған.

Төтенше жағдай қызметі жергілікті тұрғындарға үйлерінен шықпауға кеңес беріп отыр. Болжамдарға қарағанда, алапат дауыл енді Украинаға бет алды.   

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу