Францияда студенттер карантин талаптарына қарсы наразылыққа шықты. Олар үкіметтен оқу орындарының ашылуын талап етіп жатыр. Айта кетсек, елде індеттен 70 мыңдай адам қайтыс болып, қатаң талаптар ақпанға дейін ұзыртылды.
Ал Ресейде вакцинация науқаны қарқын алды. Алты сауда үйіндегі тамақтану алаңдары мен театр ғимараты екпе егу орталығына айналды. Елде өткен тәулікте коронавирус 21 мыңнан астам адамнан анықталып, 597 науқас қайтыс болды.
Чили жедел түрде қытайлық вакцинаны қолдануға рұқсат берді. Мұнда инфекциядан қайтыс болғандар саны 18 мыңға жуықтап қалды. Науқастардың көптігінен ауруханаларда орын жетіспеуде. Аталған екпе 10 миллиондай адамға салынады деп жоспарланып отыр.
Қытайда инфекцияның өршуіне байланысты, үш қалада жаппай тестілеу жүргізіліп жатыр. Соңғы тәулікте дертке 144 адам шалдыққан. Вирус анықталған шаһарларда қоғамдық орындар жабылып, шектеулер күшейтіліп жатыр.
Жансая Қапасқызы