Қарағанды облысында қар құрсауында қалған 9 адам құтқарылды
Қарағанды облысында ақтүтек боран салдарынан түнде жолда қалған 9 адам құтқарылды. Төтенше жағдай қызметінің құтқару операциялары Абай, Бұқар-Жырау және Осакаров аудандарының жолдарында жүргізілген. Қар құрсауында қалған онға жуық автокөлікті шығарып, жолаушыларды жақын маңдағы елді мекендерге жеткізген.
Сонымен қатар Бұқар жырау ауданы Баймырза ауылынан ауырып қалған нәрестені Теміртау қаласының ауруханасына апарған. Облыс аумағында құбылмалы ауа райы әлі де сақталатындықтан, төтенше жағдай қызметі алыс жолға шықпауға кеңес беріп отыр.
Ербол Байғазиев, облыстық ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының басшысы:Шектеулерге қарамай жолға шығып кеткендер сол қар құрсауында қалып, сосын төтенше жағдайлар қызметінің көмегімен ғана эвакуацияланды. Теміртау қаласының ауруханасына жеткізілген баланың жағдайы бірқалыпты.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы: Еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін бар күшімді саламын
29.09.2026, 23:27
Елімде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын – Мемлекет басшысы
29.09.2026, 23:13
Тау туризмі: «Oi-Qaragai» курорты кеңейіп жатыр
29.09.2026, 20:58
Almaty SuperSki жобасы табиғатқа зиян келтірмейді
29.09.2026, 20:56
Непалда тасқын кезінде жоғалып кеткендер әлі табылған жоқ
29.09.2026, 20:54
KazHackStan 2026: Астанада киберқауіпсіздік мәселелері талқылануда
29.09.2026, 20:53
1 қазаннан бастап онлайн несие рәсімдеу тәртібі өзгереді
29.09.2026, 20:06
БҚО-да шаруалар мемлекет қолдауымен кәсібін дөңгелетіп отыр
29.09.2026, 20:05