Әуезов театры ұлттық театр мәртебесін алды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен бес бірдей өнер ордасына «Ұлттық» мәртебесі берілді. Олардың арасында биыл құрылғанына 95 жыл толған Мұхтар Əуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры бар. 1926 жылы Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасымен шымылдығын ашқан өнер ордасы 95-ші жаңа маусымын «Абайдың жұмбағы» спектаклімен бастады. Қойылым авторлары туындыны «Абай жолы» романының желісімен, және ұлы ойшылдың қарасөздері мен өлеңдері бойынша жазып шыққан. Ұжымды құттықтауға келген мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ұлттық мәртебе мерейтой қарсаңында жасалған үлкен сый екенін атап өтті.
Ақтоты Райымқұлова, ҚР Мәдениет және спорт министрі:Енді қызметкерлердің жалақылары өседі. Ұлттық мәртебесі болғандықтан, коэффициенті болады.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ – 2026: Франция жартылай финалға өтті
10.07.2026, 17:35
Ақмола облысында «Таза Қазақстан – ортақ жауапкершілік» тақырыбында дәріс оқылды
10.07.2026, 17:33
ШҚО-да «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі өтуде
10.07.2026, 17:30
Түркістан облысында астық орағы қыза түсті
10.07.2026, 17:28
Ел жаңалықтарына шолу
10.07.2026, 17:26
Шымкентте 4 мың азамат алимент төлемей жүр
10.07.2026, 17:24
Ресейде жоғары оқу орындарына түсу қиындады
10.07.2026, 17:22
Жапонияда тайфунға байланысты төтенше жағдай жарияланды
10.07.2026, 17:21