Түркістан облысында көлікті қасақана соққан жүргізушіге қатысты тергеу басталды
Түркістан облысы Келес ауданында жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, қасақана көлікті соққан егде жастағы жүргізушінің дөрекілік әрекеті жұрттың ызасын туғызды.
Әлеуметтік желіге тараған бейнежазбада жолдың қарсы бетіне шығып кеткен жүргізуші алдынан шыққан көлікті басып өтемін деп сес көрсетеді. Артынша «Лада» автокөлігін бірнеше рет соққан. Осы оқиғаға байланысты тексеру жүргізген полицейлер ережені елемегенімен қоса дөрекілік көрсеткен «Chevrolet» көлігінің жүргізушісін тауып алды. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Зейнет жасындағы көлік тізгіндеуші жол апатына кінәлі екенін мойындап, өзі соққан көлік жүргізушісінен кешірім сұрады. Оған қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің төрт бабы бойынша тергеу жүргізілуде.
Салтанат Қаракөзова, облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:- Жинақталған материалдар сотқа жолданады. Сот шешімімен егде жастағы «Chevrolet» көлігінің жүргізушісі өз жүргізуші куәлігінен айырылуы және айыппұл салынуы мүмкін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Басты дебат – 2026» өз мәресіне жетті
19.08.2026, 23:05
Ертеңнен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
19.08.2026, 20:09
ПИК қайта тіркеуден өтпесе, үйді кім басқарады?
19.08.2026, 20:07
Құрылтай сайлауына 4 күн қалды
19.08.2026, 20:05
Сайлау күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
19.08.2026, 20:05
Партиялардың соңғы теледебаты басталды
19.08.2026, 20:04
eGov GPT: Цифрлық қызметтер саны 150-ге дейін артады
19.08.2026, 20:03
Зейнетақы жинағын түгел инвестициялық компанияларға салуға болады
19.08.2026, 20:02