Саясаттанушылар сайлаудың алғашқы қорытындысын сараптады
Қазақстандық сайлаушылар тұрақтылық үшін дауыс берді. Әрі қөз көзқарасын аяқасты өзгерте қоймайтынын көрсетті. Сайлаудың алғашқы қорытындыларын сараптаған саясаттанушылар осындай пікір білдірді. Сарапшылардың айтуынша, партиялар мұнымен тоқтамай қазірден бастап келесі саяси науқанға дайындықты бастауы керек.
Ерлан Саиров, Еуразиялық интеграция институтының директоры:Қазақстан халқы эволюциялық даму үшін, елдің әлеуметтік процестерінің бірте-бірте өсуі үшін және қоғамдық-саяси процестердің бейбіт түрде дамуы үшін дауыс берді деуге толық негіз бар.
Алуа Жолдыбалина, ҚСЗИ әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы:Сайлау өте тұрақты, жағымды трендте өтті. Осы бір сайлау аяқталды, бірақ бүгіннен бастап жаңа саяси науқан басталды. 2020 жылы болған саяси реформа биыл тағы жалғасын табады. Жаңа Парламентке жаңа мақсаттар қойылады.
Нұрғали Нұртай, сарапшы:Азаматтар белсенді қатысты деп айтуға болады. 2016 жылғы қатысуды қарасақ, 77 пайыз болған екен. Кеше енді пандемия жағдайын қарамастан 63 пайыз келіп отыр. Сайлауға қатысқан саяси партиялар қандай нәтиже болса да босаңсымай, келесі электоралды процеске дайындалуы тиіс. Мысалы, жазда келе жатқан ауыл әкімдерінің сайлауы бар.
Данияр Қайыртай
Автор
Данияр Қайыртай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Наурыз - жаңару мен жаңғырудың бастауы
23.03.2026, 21:36
Қазақстанда бұлақтарды тазалауға арналған «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясы басталды
23.03.2026, 13:47
Наурыз: Ұлттық құндылықтар қалай дәріптеліп жатыр?
22.03.2026, 20:34
Каспий теңізінің тартылуы ел экономикасына қалай әсер етеді?
22.03.2026, 20:10
Таяу Шығыстағы қақтығыс: Сарапшылардың пікірі қандай?
22.03.2026, 20:10
Жаңа Ата заң: Қандай заңдарға өзгеріс енгізіледі?
22.03.2026, 20:05
Президент: Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруды қолға алған жөн
22.03.2026, 20:04
Наурыз мейрамы: Мемлекет басшысы Түркістанға жұмыс сапарымен барды
22.03.2026, 20:02