Тарбағатай ауданында көпбалалы отбасылар баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тарбағатай ауданында көпбалалы отбасылар баспаналы болды

30.12.2020

Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында көпбалалы отбасылар баспаналы болды. Көптен бері үй кезегінде тұрған азаматтар үшін биыл Ақжар мен Ақсуат ауылында 48 жеке үй салынған. Жалпы, Шығыс өңірінде көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін баспана құрылысы қарқынды жүргізілуде. Тек осы жылы облыс бойынша 1 мыңнан астам отбасы қоныс тойын тойлады.  

Әсел Бөкенова, Ақжар ауылының тұрғыны: 
-Үйлердің іші өте жақсы, суы, жылуы бәрі бар. Қаланың үйінен кем емес. Балалардың да бөлмелері кең, жақсы. Алғыс айтамыз.

Берік Көшербай 


Хабарламаларға жазылу