Қазақстанда 3,5 мыңнан астам оқушы коронавирус жұқтырды - ДСМ
Елімізде оқушылар арасында COVID-19 жұқтыру көрсеткіші өсіп жатыр. Оқу жылының басынан бері 3 658 баладан коронавирус анықталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлімдеді.
«Оқу жылының басынан бері 3 658 бала коронавирус жұқтырды. Оның ішінде 994 оқушы кезекші сыныптарда оқыған. Бұл офлайн режимде оқып жатқан оқушылардың жалпы санының 0,1 пайызы. Ал қалған 2 664 бала қашықтан білім алған», - деді ол.
Вице-минитр сондай-ақ үшінші тоқсаннан бастап бітіруші сыныптарға аралас оқытуға рұқсат берілгенін еске салды.
«Бұл 9,11,12-сыныптар. Сонымен қатар, IІ семестрден бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттері де аралас оқиды»,- деді Шоранов.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыӘлемдік теннис қауымдастығының бас ассамблеясы
14.10.2026, 10:54
Қазақстан жылқы саны бойынша әлемдегі үздік бес елдің қатарына енді
14.10.2026, 10:53
Робот-иттер қоғамдық тәртіпті бақылайды
14.10.2026, 10:51
Qazaqstan Internet Governance Forum: Цифрлық қауіпсіздік мәселелері талқылануда
14.10.2026, 10:47
3 мыңға жуық жалған сайт бұғатталды
14.10.2026, 10:44
Қазақстан экономикасы 5 пайыздан жоғары өседі деген болжам бар
14.10.2026, 10:41