Басты Жаңалықтар Тоқаев квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға байланысты мораторий мерзімін ұзартты

Тоқаев квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға байланысты мораторий мерзімін ұзартты

Тоқаев квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға байланысты мораторий мерзімін ұзартты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу туралы Жарлыққа өзгеріс енгізу туралы құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Құжатқа сәйкес мораторий тағы бір жылға - 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзарды.

«Квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 51 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 29, 245-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізілсін, оған мыналар:».

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», - делінген Жарлықта.

Бөлісу