Жыл басынан бері зейнетақы салымшыларының жинағы 1,9 трлн теңгеге көбейген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл басынан бері зейнетақы салымшыларының жинағы 1,9 трлн теңгеге көбейген

21.12.2020
Жыл басынан бері зейнетақы салымшыларының жинағы 1,9 трлн теңгеге көбейген

2020 жылдың 1 желтоқсанында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,7 триллион теңге сомасында қаражат жинақталған. Бұл туралы Жинақтаушы қордың баспасөз қызметі хабарлады.

Деректерге сүйенсек, жыл басынан бері бұл сома 1,9 трлн теңгеге немесе 18%-ға артқан.

«Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақталды, оның мөлшері 12,4 трлн теңге (2020 жылдың басынан бергі өсім – 18%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 309,6 млрд теңге (өсім 26%), ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақ сомасы 2,2 млрд теңгеге (өсім 11%) жетті», - делінген хабарламада.

Соңғы 12 айда БЖЗҚ салымшыларының инвестициялық табысы 1,13 трлн теңгеге жетті. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 531 млрд теңгеге (өсім 88%) артық.

БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 2020 жылдың 1 желтоқсанында 11,6 миллион бірлікті (жыл басынан бергі өсім 10% ) құрады. Шоттардың басым бөлігі міндетті зейнетақы жарналары бойынша ашылған, олардың саны – 10 984 130 (өсім – 11%). Одан кейін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған шоттар – 526 111 (өсім – 3%). Ерікті зейнетақы жарналарының (ЕЗЖ) саны да біртіндеп көбейіп келеді, БЖЗҚ-дағы мұндай шоттардың саны қазір 57 211 бірлік (өсім – 5%). 

Төлемдер 172,1 млрд теңгені құрады, олардың басым бөлігі, атап айтқанда 34% жасы бойынша төлемдер (57,7 млрд теңге), сақтандыру ұйымдарына аударымдар (42,9 млрд теңге), Қазақстан Республикасынан тыс ТТЖ кету (34,1 млрд теңге), мұрагерлерге (32,01 млрд теңге), жерлеуге (3,96 млрд теңге) берілген, мүгедектік бойынша төлемдер (1,4 млрд теңге).    


зейнетақы жәрдемақы БЖЗҚ

Хабарламаларға жазылу