Нұр-Сұлтанның әскери комиссариаты 70 жыл бұрын салынған ғимаратта жұмыс істейді - Алтай Көлгінов
Қала әкімі комиссариат қызметкерлері үшін қосымша ғимарат бөлуді тапсырған.
Нұр-Сұлтан қалалық әскери комиссариат қызметкерлері 70 жыл бұрын салынған ғимаратта жұмыс істейді. Бұл туралы қала әкімі Instagram парақшасына жазған. Әкімнің айтуынша, қазіргі ғимарат комиссариатқа келетін адамдарды былай қойғанда, қызметкерлердің өзі үшін тарлық етіп отыр.
«Әскери міндеттілерді шақыру комиссиясы кезінде қаншалықты тығыз орналасқанын айтпағанда, бұл мекеменің аумағы қызметкерлер үшін де тар. Сонымен қатар, медициналық жабдықтар жетіспейді. Бүгін қалалық құрама пунктінің (әскери комиссариат) қызметкерлерімен кездесіп, медперсоналмен сөйлестім. Қосымша ғимарат бөлуді тапсырдым. Бұл еңбек жағдайын едәуір жақсартады. Сондай-ақ қажетті медициналық жабдықтарды сатып аламыз. Осылайша мекемені толығымен жабдықтаймыз», - деп жазған әкім жеке парақшасына.
Қаланың тыныс-тіршілігімен танысу жұмысының жалғасы ретінде әкім бүгін екі апта бойы 20-дан астам тұрғынды қабылдағанын хабарлап отыр. «60 сұрақ қойылды. Көтерілген мәселелер тұрғын үйге, үлестік құрылыс нысандарына, медициналық қызметтерге, білім беру мен жұмысқа орналасуға қатысты», - дейді әкім.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Батагөйлер байқауы мәресіне жетті
09.04.2026, 10:20
Шымкентте жасыл желек қурап жатыр
09.04.2026, 10:18
Түркістанда «Turǵyndar amanaty» семинар-форумы өтті
09.04.2026, 10:16
Биыл зейнетақы жинағының ең төменгі шегі өзгермейді
09.04.2026, 10:14
Семейде қаңғыбас иттер баланы талаған
09.04.2026, 10:12
Ресейде санкция салдарынан жаппай қысқарту белең алды
09.04.2026, 10:09
Нетаньяху: Соғысты кез келген сәтте қайта бастауға дайынбыз
09.04.2026, 10:07
Ливанда израильдің шабуылынан 254 адам қаза тапты
09.04.2026, 10:04