Шығыс Қазақстанда 6 мыңнан аса тірі шаянды заңсыз тасымалдаған тұрғын ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда 6 мыңнан аса тірі шаянды заңсыз тасымалдаған тұрғын ұсталды

01.11.2022

Шығыс Қазақстанда 6 мыңнан аса тірі шаянды заңсыз тасымалдаған тұрғын ұсталды. «Браконьер» іс-шарасы кезінде полицейлер Құйған ауылдық округі Қызыл ту өткелінде Газель автокөлігін тексеріп, 6 мыңнан аса жәндікті тапты. Шығын көлемі шамамен 2 миллион теңге. 34 жастағы көлік жүргізушісі келісім жасалған кезде шаяндарды бетперде киген, танымайтын адамдардан сатып алғанын айтқан. Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті үш жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Ламбриан Топузидис

Хабарламаларға жазылу