Өткен тәулікте 729 адам коронавирусқа шалдыққан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен тәулікте 729 адам коронавирусқа шалдыққан

09.12.2020

Соңғы екі аптада коронавируспен ауырғандар саны 10 пайызға өскен. Әсіресе, Солтүстік Қазақстан мен Павлодар облыстарында індет өршіп тұр. Ал, кеше 729 адам коронавирусқа шалдыққан. Вирустық инфекция белгілері бар пневмонияны 215 адам жұқтырған. Мамандардың сөзінше, соңғы уақытта басқа елдерден вирус жұқтырып келетіндер азайған. Бірақ, соған қарамастан, қауіпсіздік әлі де күшейтілмек. Мәселен, ертеңнен бастап Түркиямен әуе рейстері екі есеге қысқартылады.   

Раушан Сайлауқызы 


коронавирус Вирустық инфекция

Хабарламаларға жазылу