Өткен тәулікте коронавирустан 9 адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен тәулікте коронавирустан 9 адам көз жұмды

09.12.2020
Өткен тәулікте коронавирустан 9 адам көз жұмды

Өткен тәулікте коронавирустан 9 адам көз жұмды. 729 адам COVID-19 жұқтырған. Оның 106-ы Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. Шығыс Қазақстанда - 95, Павлодар облысында 98 адамнан вирус анықталды. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 138382 адамға жеттi. 

Соңғы тәулікте 944 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 122291 адам.  2105 адам қайтыс болды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 13 986 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 1003 бала бар. 231 науқастың жағдайы ауыр.

Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 215 жағдай тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 43339 адам пневмонияға шалдыққан. 31141 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 456 адам.

Хабарламаларға жазылу