Өткен тәулікте 1161 адам індетке шалдыққан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен тәулікте 1161 адам індетке шалдыққан

02.02.2021

4 облыс әлі де қауіпті аймақта тұр. Олар: Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан. Ал, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы «сары» аймақта. Қалған өңірлерде жағдай тұрақты, «жасыл» аймақта.

Вирустың таралуына келсек, кеше бір күнде 1161 адам індетке шалдыққан. Осылайша ауырғандардың жалпы саны 189 мыңнан асты. Сондай-ақ, 24 адамнан вирусты пневмония анықталған.

Амангелді Сейітхан


Хабарламаларға жазылу