Өткен тәулікте 1228 адам індетке шалдыққан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен тәулікте 1228 адам індетке шалдыққан

03.02.2021

Елімізде тағы бір өңір вирустың таралуы бойынша «қауіпті» аймақтан шықты. Бірнеше күн бойы індет өршіп тұрған Батыс Қазақстан облысы «сары» аймаққа ауысты. Ал, әзірге «қызыл» аймақта үш облыс тұр. Олар: Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан. Ал, «сары» аймақта Атырау, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы бар. Қалған өңірлерде жағдай тұрақты, олар «жасыл» аймақта.

Вирустың таралуына келсек, кеше бір күнде 1228 адам індетке шалдыққан. Осылайша, ауырғандардың жалпы саны 190 мыңға жуықтады. Сондай-ақ, 107 адамнан вирусты пневмония анықталып, 1 науқас қайтыс болған.

Амангелді Сейітхан


Хабарламаларға жазылу