Өткен тәулікте 1259 адам індетке шалдыққан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен тәулікте 1259 адам індетке шалдыққан

01.02.2021

Еліміз коронавирус бойынша «сары» аймаққа ауысты. Яғни, жағдай тұрақталып келеді. Ал, осыған дейін қауіпті аймақта болған Алматы «жасыл», елордамыз «сары» аймаққа өтті. Әзірге төрт облыс «қызыл» аймақта. Олар: Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан. Ал, Қостанай, Қарағанды және Шығыс Қазақстан «сары», қалған өңірлер «жасыл» аймақта.

 Вирустың таралуына келсек, кеше бір күнде 1259 адам індетке шалдыққан. Осылайша ауырғандардың жалпы саны 188 мыңға жуықтады. Сондай-ақ, 16 адамнан вирусты пневмония анықталып, 1 науқас қайтыс болған.

Амангелді Сейітхан


Хабарламаларға жазылу