Өткен тәулікте 1186 адам індетке шалдыққан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен тәулікте 1186 адам індетке шалдыққан

05.02.2021

Коронавирус бойынша Қазақстан «жасыл» аймаққа ауысты, яғни жағдай тұрақталып келеді. Қазір елімізде үш облыс қана қызыл аймақта. Олар: Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан. Ал, сары аймақта Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы бар. Қалған өңірлерде эпидаухал қалыпты, олар «жасыл» аймақта.

Вирустың таралуына келсек, кеше бір күнде 1186 адам індетке шалдыққан. Ал, бір аптада 64 адам көз жұмған. Сондай-ақ, 71 адамнан вирусты пневмония анықталып, бір күнде 6 науқас қайтыс болған.

Амангелді Сейітхан


Хабарламаларға жазылу