Парламенттік сайлаудың маңызы мен ерекшелігі талқыланды
Әрбір сайлау азаматтардың саяси мәдениетін көтеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар елімізде саяси үрдістердің толыққанды эволюциялық даму шарттарын құруға жол ашады. Бұл туралы Шығыс Қазақстанда өткен «Парламенттік сайлаудың маңызы мен ерекшелігі» тақырыбындағы жиын барысында айтылды. Шараға саясаттанушылар, ғалымдар мен қоғам белсенділері қатысып, алдағы саяси науқанның маңыздылығы туралы ой-пікерлерін ортаға салды. Әрбір саяси науқан, оның ішінде сайлау процесі де қоғамдағы береке-бірлікті одан ары нығайтуға бағытталады дейді кездесуге келгендер.
Ерлан Саиров, саясаттанушы:
Ұлттық кеңестің аясында біздің еліміздегі саяси реформалардың бірінші пакеті ұсынылған. Міне, осы бірінші пакеттің аясында біздің елдегі 7 заңға өзгерту еңгізілді. Оның ішінде, ең біріншісі жаңа тұрпаттағы митинг туралы заң қабылданды. Сонымен қатар, партия туралы заңға жастар мен ханымдар 30 проценттік квота еңгізілді.
Мұхтар Төлеген, ректор:
Біздің еліміздегі саяси плюрализм, яғни партиялардың әралуандылығы, саяси көзқарастардың әралуандылығы, теңдік, әділеттілік принциптерін жақсы талқылап, өзіміз жақсы, тұшымды нәтиже алдық.
Берік Көшербай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сыр өңірінде «Тұран» сыйлығы табысталды
25.05.2026, 17:22
Халықаралық олимпиадаларда әрбір екінші оқушы жүлделі болды
25.05.2026, 17:20
Қармақшы ауданы ауылдарына газ тартыла бастады
25.05.2026, 17:17
Ақтөбеде мыс өнімдерін шығаратын зауыт салынады
25.05.2026, 17:15
Жол сапасын ЖИ-мен тексере бастады
25.05.2026, 17:13
Қазақстан – Ресей: Транзиттік әлеует артып келеді
25.05.2026, 17:10
Тегеран мен Вашингтон жуық арада бейбіт келісімге келмейді
25.05.2026, 17:07
Мұнай 4 пайызға арзандады
25.05.2026, 17:05