Елордада сауда орталықтары мен жабық базарлар сенбі күндері жұмыс істейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада сауда орталықтары мен жабық базарлар сенбі күндері жұмыс істейді

27.11.2020

Елордада сауда, ойын-сауық орталықтары мен барлық базарларға сенбі күндері жұмыс істеуіне рұқсат берілді. Карантиндік шаралар туралы жаңа қаулы шықты. Тек санитарлық талап қатаң сақталуы тиіс. Сауда нысандарының сенбі күндері жұмыс уақыты сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін. Алайда карантин және шектеу шараларын бұзу фактілері анықталса, олардың жұмысы бірден тоқтайды. Ал кинотеатрлар мен балалар ойын-сауық орталықтарының жұмысына әлі де рұқсат жоқ. Сонымен қатар, қоғамдық көліктер жексенбі күні жүрмейді.

Арман Құрбанов, Есіл ауданы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы: 
Бізде дайын қаламызда, балық сауда орталықтар күнделікті тексеру жұмыстары жүргізіледі. Бұзған жағдайда анықтап, шаралар қолданып, тез арада түзетуілуін талап етеді.

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу