Алматыда кинотеатрлар мен цирктер жабылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда кинотеатрлар мен цирктер жабылады

11.03.2021

Алматыда кинотеатр, театр және цирктер жабылатын болды. Қаланың бас санитары Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды. 

Мегаполис «қызыл» аймаққа өткендіктен, 13 наурыздан бастап Наурыз мерекесін тойлауға, көпшілік шаралар ұйымдастыруға да тыйым салынды. Жексенбіде ашық базарлардың, ал сенбі, жексенбі күндері жабық базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, фитнес-орталықтары мен спорт кешендерінің жұмысы тоқтайды. Балабақшалардағы кезекші топтарға 15 баладан артық қабылданбауы тиіс. Ал қоғамдық тамақтану орындарының қызмет көрсету уақыты таңғы 9.00-ден 20.00-ге дейін қысқарды.

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу