Алматыда шектеу шаралары күшейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда шектеу шаралары күшейді

11.03.2021

Алматыда кинотеатрлар, театрлар мен цирктер жабылатын болды. Қаланың бас санитары Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды.

Мегаполис «қызыл» аймаққа өткендіктен 13 наурыздан бастап мерекені тойлауға және көпшілік қатысатын шаралар ұйымдастыруға тыйым салынды. Жексенбіде ашық базарлар жұмыс істемейді. Ал сенбі, жексенбі күндері жабық базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, фитнес-орталықтары мен спорт кешендерінің жұмысы тоқтайды. Балабақшалардағы кезекші топтарға 15 баладан артық қабылданбауы тиіс. Ал қоғамдық тамақтану орындарының қызмет көрсету уақыты таңғы 9-дан 20:00-ге дейін қысқарды.


Хабарламаларға жазылу