30 жылда Қазақстанда 2714 мешіт ашылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

30 жылда Қазақстанда 2714 мешіт ашылған

25.11.2020

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толды. Осыған орай елордада халықаралық конференция өтті. Жиынға Ресей мен Түркияның діни басқарма өкілдері және белгілі ғалымдар онлайн форматта қатысты. Ал, діни басқарма жұмысын бастаған 30 жылдың ішінде елімізде 2714 мешіт ашылған. Бүгінде 9 медресе мен қарилар дайындайтын 6 орталық бар. Дін саладасындағы қызметкерлер 4 мыңнан асқан. «Нұр-Мүбарак» Университеті мен Ислам институтының арқасында кадр тапшылығы мәселесі де шешілген.

Наурызбай қажы Тағанұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти:
Ендігі біздің келешекте жасайтын жұмысымыз. - Абай атамыздың толық адам концепциясы, Ихсан ілімін дәріптеу. Яғни, жүректің тазалығы.

Діни басқарма дінді насихаттаумен қатар, қайырымдылық істерін де жүйелі жүзеге асырып келеді. Мәселен, 30 жылдық аясында 30 отбасына пәтер алып берген. Оқуда озат, бірақ, көмекке зәру 30 балаға грант табыстаған. Жомарт жандарды ұйымдастырып 30 елді мекенге көпір орнатқан. Ел бойынша 30 мың түп ағаш отырғызған. Ал, пандемия кезінде «Өмірге үміт сыйла» акциясын бастап, өкпені жасанды желдетуге арналған мың аппаратты медицина мекемелеріне сыйға тартқан.

Амангелді Сейітхан

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы дін

Хабарламаларға жазылу