Елордада карантин шараларына қарамастан той тойлау тоқтамай тұр. Демалыс күндері кезекті рейдтік тексеруге шыққан полиция қызметкерлері «Бибігүл» тойханасында қызып жатқан көңілді басқосудың үстінен түсті.
Тойға шамамен 70-тен астам адам жиналған. Бетперде киіп, арақашықтықты сақтау ешкімнің ойына да кіріп шықпайтын сыңайлы. Полицейлер мерекелік шараны тоқтатып, карантин режимін бұзған той тойлаушыларды бірден таратып жіберді. Ал шектеу шараларын елемей, карантин талабын бұзған той иесі мен нысан қожайыны енді әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Азамат Оспанов Есіл аудандық ПД жергілікті полиция басқармасы басшысының орынбасары:
Бибігүл тойханасында Мұғалжар 15/1 үйде орналасқан үйде той болған. Осы той бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. 70 адамдай тойханада болған, карантин режимін бұзған.
Ләйлә Дулатқызы